«Атын қорқақ деп өзгерту керек». Головкин қарсыластарын қалай келеке еткен? 29 июня 2022, 11:30

Кеше қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альваресті әжуалаған еді. Үшінші жекпе-жектің промотуры аясында боксшылар Нью-Йоркте

"Атын қорқақ деп өзгерту керек". Головкин қарсыластарын қалай келеке еткен?
                29 июня 2022, 11:30

Геннадий Головкин. Фото commdiginews.com сайтынан

Кеше қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альваресті әжуалаған еді. Үшінші жекпе-жектің промотуры аясында боксшылар Нью-Йоркте баспасөз мәслихатына қатысып, «Нью-Йорк Янкиз» бейсбол клубының матчінде қонақ болған. GGG матчты доп лақтырумен бастады. Ал кездесу алдында Канело екеуі стадионда көз арбасқан. 

«Қатты сағынба, 17 қыркүйекте кездесеміз», — деп Головкин қарсыласына әзілдеді.

Головкиннің қарсыласын әжуалағаны бірінші рет емес. Massaget.kz қазақстандық боксшының қарсыласына айтқан келекелері туралы топтама жасады. 

«VADA мақұлдаған»

Головкин Канелоны бұған дейін де келеке еткені бар. Қазақстандық боксшы 2019 жылы Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жегін тамашалауға арнайы барған. Бірақ Головкинге кездесу ұнамапты. Ол жекпе-жек емес, спарринг болғанын айтып әзілдеген еді.  

«Бүгін ерекше ештеңе көрмедім, тек жақсы спарринг-матч. Іш пыстырарлық болды. Жанкүйерлер одан да жақсы жекпе-жек көруге лайық», — деп ол пікірін бөліскен еді.

Головкиннің Канелоға қатысты тағы бір әзілі Желіде талқыланған еді. 2018 жылы Альварестің қанынан тыйым салынған препарат табылып, боксшы бірнеше айға спорттан шеттетілген болатын. Канелоның өзі бұзылған ет жегенін айтып ақталған еді.

Боксшылардың екінші кездесуі алдындағы медиа-тур кезінде GGG-дің командасы мексикалықты келеке еткен. Баспасөз мәслихатына келген қонақтарға түрлі тағам ұсынылған. Әр тамақтың қасында «VADA мақұлдаған» деген жазумен тақтайшалар тұрды. 

"Атын қорқақ деп өзгерту керек". Головкин қарсыластарын қалай келеке еткен?
                29 июня 2022, 11:30

Материалдың жалғасын мына СІЛТЕМЕ арқылы оқуға болады. 

Источник: tengrinews.kz